Алматыда жоғары лауазымды әскери комиссариат қызметкерлері ұсталды

0
143

Ішкі істер министрлігі желіде тараған ақпаратты растады.


Алматыда жоғары лауазымды әскери комиссариат қызметкерлері ұсталды

ERNUR.KZ. Желіде қорғаныс жүйесінің бірқатар жоғары лауазымды өкілдерінің ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп жазады baq.kz.

Ұсталғандар қатарында Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, оның шақыру жөніндегі орынбасары, медициналық қызметтің бастығы, сондай-ақ Түрксіб және басқа да аудандық әскери комиссарлар бар. Олар қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп күдіктелуде.

Ішкі істер министрлігі желіде тараған ақпаратты растады.

ІІМ-нің Әскери-тергеу департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 451-бабы (билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану) бойынша Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді, - деп хабарлады ведомство өкілдері.