Алматыда жол апатына кінәлі мас жүргізуші төбелес шығарды

0
424

Бірнеше ер адам жол апатынан кейін сөзге келіп қалған.


Алматыда жол апатына кінәлі мас жүргізуші төбелес шығарды

ERNUR.KZ. Алматыда жол апатына кінәлі мас жүргізуші төбелес шығарды. Қалалық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын түсіндірді, деп жазады ҚазАқпарат.

Жол апатына ұшыраған жүргізушілердің төбелесі әлеуметтік желіде тарады.

Кадрлардан бірнеше ер адамның жол апатынан кейін сөзге келіп қалғанын көруге болады, ал куәгерлер оларды арашалап жүр.

«Алматы-Арасан шатқалындағы жол апаты. «Mersedes» жүргізушісі мас күйде жол жиегінде тұрған екі көлікті қағып кетті. Футболкасын шешіп тастаған ер адам төбелес шығармақ болды», - делінген видео сипаттамасында.

Алматы Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 5 шілде күні шамамен кешкі сағат 17.00-де болған.

«А. есімді жүргізуші жол қозғалысы ережелерін, 2.4.2-бөлімнің талаптарын бұза отырып, мас күйде «Mercedes» маркалы көлігін басқарып, Казачка көшесімен солтүстік бағытта келе жатып «Mercedes» автокөлігімен соқтығысты, одан әрі «BMW» маркалы көлігін қақты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі автомобильге де зақым келді. Зардап шеккендер жоқ. Материалды Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері өндіріске алды», - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының басшысы Олжас Шәріпов.