Алматыда жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды

0
607

Оның артында анасы мен аяғы ауыр келіншегі қалды.


Алматыда жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды

ERNUR.KZ. Алматы облысының Қарасай ауданында таңғы сағат тоғызда алматылық полиция қызметкері жол апатынан қайтыс болды. Бұл туралы жергілікті полиция қызметінің бастығы Манат Саттаров мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Оның айтуынша, Көлді-Жалпақсай тас жолында Mazda-626 автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, 1999 жылғы Алматы қаласы патрульдік полициясының инспекторы Нәдір Қалымов тізгіндеген Lada Granta автокөлігімен соқтығысқан. Соққы инерциясымен Lada жол шетіне қарай ұшып, ағашқа соғылған.

Полиция кіші сержанты Қалымов Н. түнгі ауысымнан үйіне қайтып келе жатқан, бірақ ол үйіне сол күйі жете алмады: полицей алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Әртүрлі дене жарақаттарын алған Мазда көлігінің жүргізушісі ауруханаға жатқызылды, - деді Саттаров.

Аталған факті бойынша Алматы облысы ПД Қарасай ауданының полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізеді.

Алматы қалалық полиция департаментінің басшылығы, ардагерлер кеңесі және жеке құрам Нәдір Қалымовтың отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтаса отырып, қайғырып көңіл айтады, деп жазды Манат Саттаров Facebook-тегі парақшасында.

Полиция кіші сержанты Нәдір Қалымов ішкі істер органдарында 2019 жылдың қыркүйегінен бастап қызмет етті. Оның артында анасы мен аяғы ауыр келіншегі қалды.