Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші мас күйде көлік басқарған.
Сурет: Zakon.kz
Оқиға Ұлжан 1 шағынауданында, Тәкежанов көшесінде болған. Mercedes-Benz E-Класс көлігі солтүстік бағытта жоғары жылдамдықпен қозғалып келе жатқан.
Қиылысқа жақындаған сәтте көлік жылдамдығын күрт баяулатқан. Мұны 50-60 м-ге дейін созылған көлік дөңгелектерің тас жолда қалған ізінен байқауға болады.
Осылайша, көлік тоқтай алмай жол жиектемесіне соғылған. Артынша аударылған. Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі жарақат алды. Ал, көліктің жолаушысы жедел жәрдем келгенге дейін есін біліп жатқан, алайда медқызметкелер оның оқиға орнында өлімін тіркеді.
Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші мас күйде көлік басқарған. Сондай-ақ, көліктің алдынғы орындығынан ішімдіктің бөтелкелері, нан мен шұжық табылған. Зардап шеккен жүргізуші мен қаза тапқан жолаушының денесін көлік астынан құтқару қызметі алып шыққан.
Қазір оқиға орнында жол полициясы, анықтаушы мен криминалист жұмыс істеуде.