​Алматыда жолаушылар мінген автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қайтыс болды

0
981

Рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, автобуспен соқтығысқан.


​Алматыда жолаушылар мінген автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қайтыс болды

Фото: bizmedia.kz

Кеше, 27 қаңтарда сағат 09:00-де Алматының Алатау ауданында жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты, деп жазады Zakon.kz.


Полицейлердің хабарлауынша, Chevrolet көлігінің 2003 жылы туған жүргізушісі Емцов көшесімен солтүстік бағытта жүріп келе жатқан. Рысқұлов даңғылының солтүстігінде ол рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, автобуспен соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан Chevrolet жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Автобустағы төрт жолаушы медициналық көмекке жүгінді. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді".Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі


Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Бөлісу