Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырды.
Фото: Алматы қаласының ПД
ERNUR.KZ. Алматының Әуезов ауданында, Саин көшесі бойындағы Абай даңғылының көпір асты өткелінде Shacman маркалы ауыр жүк көлігі апатқа ұшырады. Жол-көлік оқиғасының сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісі солтүстік бағытта келе жатып, рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі бетон қоршауға соғылған. Салдарынан жүк көлігінің кабинасы ауыр механикалық зақым алған. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.
Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырды.


