Алматыда журналистер 10-қабаттың терезесі сыртында тұрған екі жігітті құтқарып қалды

0
110

​Алматыда журналистер адам өмірін аман алып қалды.


Алматыда журналистер 10-қабаттың терезесі сыртында тұрған екі жігітті құтқарып қалды

ERNUR.KZ. Алматыда журналистер 10-қабаттың терезесі сыртында тұрған екі жігітті құтқарып қалды. Бұл туралы Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады baq.kz.

Полиция дерегінше, Bes.Media редакциясындағы жұмыс күні қайғылы жағдайға ұласа жаздаған.

Таңертең жұмысқа келген агенттік қызметкерлері ғимараттың оныншы қабатының терезесі сыртында екі жас жігіттің тұрғанын байқайды. Жағдай өте қауіпті еді. Кез келген абайсыз қимыл қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін еді. Журналистер Артём Шляхов, Александр Жданов және Дамир Байманов саспай, алдымен жастарды ғимарат ішіне қайтуға көндіруге тырысқан. Алайда олардың сөзін тыңдамаған. Сол кезде редакция қызметкерлері дереу әрекет етіп, екі жігітті ұстап қалып, қауіпсіз жерге ішке кіргізген, - деді Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі.

Оқиға орнына тиісті мамандар шақырылды. Жастарға қажетті көмек көрсетіліп, кейін бейінді медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

Қазір болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Алматы полициясы дер кезінде әрекет етіп, бейжай қалмаған журналистерге алғыс білдіреді.

Олар сол сәтте сырт айналып өтпей, адам өмірін сақтап қалуға бар күшін салды. Олардың батыл әрі жанашыр әрекеті қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік берді, - деді ведомство.