Алматыдағы фитнес-клубта заңсыз жұмыс істеген африкалық азамат ұсталды

0
210

Полицейлер оны кезекті рейд барысында анықтады.


Алматыдағы фитнес-клубта заңсыз жұмыс істеген африкалық азамат ұсталды

Фото: Алматы қалалық ПД

ERNUR.KZ. Көші-қон қызметінің мәліметінше, бір күн бұрын қаладағы мейрамханалардың бірінде Африка құрлығы елдерінің тағы екі азаматы анықталды. Бірі бармен, екіншісі аспаз болып жұмыс істеген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«ПД-нің қабылдап-таратуына үш шетелдік орналастырылды. Жақын арада олар Қазақстаннан шығарылады. Сондай-ақ, заңсыз келушілердің жұмыс берушілеріне қатысты әкімшілік шаралар қолданылады. Естеріңізге сала кетейік, осы күндері Алматыда заңсыз көші-қон арналарын анықтауға бағытталған «Участок» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде», - деп хабарлады, Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі Басқармасының басшысы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.

Спикер, жыл басынан бері Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 15 мыңға жуық шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын жеткізді.