Мәйіті бар автокөлікті Алматы ТЖД қызметкерлері жүк көлігінің көмегімен шығарған.
Сурет: Zakon.kz
ERNUR.KZ. Алматы полициясы 2025 жылдың 27 тамызында қалалық саябақ аумағында қамыстың арасынан табылған ішінде мәйіті бар көлікке қатысты түсініктеме берді, деп жазады zakon.kz.
Куәгерлер Түрксіб ауданындағы Желтоқсан саябағы жанында қамыс арасынан бейтаныс адамның денесі бар Toyota Camry көлігі табылғаны жайлы хабарлаған.
"Қайтыс болған адамның кім екені анықталды. Зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Оның нақты өлім себептерін анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды. Материалдар Түрксіб ауданы полиция басқармасының қарауында", – деп мәлімдеді полиция.
Мәйіті бар автокөлікті Алматы ТЖД қызметкерлері жүк көлігінің көмегімен шығарған. Айналаны алып кеткен иіске қарағанда, мәйіт бірнеше күннен бері жатқан болуы керек деп болжануда.