Алматыдағы "контейнер" ғимарат тұрғындар назарына ілікті

0
905

Аталған жағдайға Жетісу ауданы әкімінің аппараты түсініктеме берді.


Алматыдағы

ERNUR.KZ. Алматы тұрғыны қаз-қатар тізілген контейнерлерді бейнетаспаға түсірген. Аталған кешеннің контейнерлерден құралған тұрғын үйге ұқсайтындығын айтып, әлеуметтік желілерге жазба қалдырған, деп жазады baq.kz.

Ал желі қолданушылары Алматыдағы "ғимаратқа" қызықты атаулар ойлап таба бастаған. Жазбаның астына "Ең сенімді тұрғын үй", "Темір Сити", "Лего Сити", "Тетрис үй", "Гранд Металл үй" деген сияқты пікірлер қалдырған.

Аталған жағдайға Жетісу ауданы әкімінің аппараты түсініктеме берді.

"Адем" сауда кешенінің жеке аумағында орналасқан контейнерлер қойма үй-жайларын салу үшін орнатылған. "Адем" сауда үйінің басшылығының айтуынша, контейнерлер бір апта ішінде шығарылады. Сауда үйі контейнерлерден тұрғын үй кешенін салуды жоспарламайтынын атап өтті, – делінген Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының хабарламасында.