Алматыдағы "Рахат" фабрикасы көшіріледі

0
635

Алматы қаласын дамыту бағдарламасында атап өтілгендей, бұл 100 миллион долларға жуық шетел инвестициясын тартуға мүмкіндік береді.


Алматыдағы

ERNUR.KZ. Алматыда "Рахат" фабрикасы қаланың индустриялық аймағына көшіріледі. Жоба аясында 20 гектар жер бөлу жоспарланып отыр, деп жазады Zakon.kz.

Алматы қаласын дамыту бағдарламасында атап өтілгендей, бұл 100 миллион долларға жуық шетел инвестициясын тартуға мүмкіндік береді.

"2030 жылға дейінгі кезеңде инвесторлардың сұранысына және Алматы қаласының индустриалды аймағын дамытудың екінші кезеңіндегі жер телімдерін игеру қарқынына байланысты оның аумағын одан әрі кеңейту мәселесі қаралады", - делінген Алматының даму бағдарламасында.

2023 жылдың ортасына қарай Алматыда бес полиорталық пайда болады. Қаланың аудандары өмір сүру деңгейі жоғары, теңгерімді және тиімді халық тығыздығымен дамитын болады.