Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде ту ұстап танылған жігіттің кім екені белгілі болды

0
2 158

Ту ұстаған ер адамның басына снайпердің оғы тиіп, жараланған.


Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде ту ұстап танылған жігіттің кім екені белгілі болды

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде түтіннің ортасында көк туды жықпай алып шыққан ер кісінің кім екені белгілі болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алаңдағы дүрбелеңде көк туды желбірете ұстап шыққан ер адамның видеосы мен фотосы әлеуметтік желіде кеңінен тараған болатын. Видеоны көргендер ер адамның амандығын тіледі.

Facebook қолданушысы Жәнібек Иманәзір, видеодағы ту ұстаған ер адамның қоғам белсендісі Берік Әбішев екенін жазады. Оның басына снайпердің оғы тиіп, жараланған. Ол осы уақытқа дейін жансақтау бөлімінде жатқан.

"Табылды. Әлеуметтік желіде ту ұстап танылған жігіт көзін ашты . Басына снайпердің оғы тиген екен. Жұрт сол жігітті кім деп іздеп таппай амандық тілеп еді, ес түссіз жатқан Берик көп болмай көзін ашты. Бұл жігіт алматылық белсенді Берик Абишев. Осында оқып отырған барша қазақ бірің қалмай деніне саулық, ұзақ өмір шипа тілеп қойыңдар. Осындай азаматтар аман болсын!" - деп жазады Жәнібек Иманәзір.