Алматыдағы тәртіпсіздіктер: Желіде лаңкестер мен әскерилер түсірілген видео тарады

0
805

Әлеуметтік желіде Алматы орталығында таяқ және темірмен қаруланған террористер әскерилерді ұрып жатқаны түсірілген видео жарияланды.


Алматыдағы тәртіпсіздіктер: Желіде лаңкестер мен әскерилер түсірілген видео тарады

ERNUR.KZ. Видео авторының айтуынша, оқиға Сейфуллин мен Шевченко көшелері қиылысында болған, деп жазады Tengrinews.kz.

"Таяқ және темірмен қаруланған террористер Алматы орталығында әскерилерді ұрып жатыр. 5 қаңтар, сағат 15.40. Видео-дәлел", - дейді видео авторы Жандос Құрманбаев.

Алматылық Жандос Құрманбаев терезеден 15 минуттық видео түсірген.

"Сол күндері мен Алматыдағы оқиғалар куәсі болдым. Тереземнің түбінен 5 қаңтарда сағат 14:40-та Ұлттық ұланның 1200-ге жуық сарбазы және арнайы мақсаттағы мобильді жасақтың 500 жауынгері өтті.
Олардың артынан, есептеуім бойынша, шамамен 15 мың адам кетті, олардың едәуір бөлігі әскери қалқан мен таяқ, темірмен қаруланған. Менің бағалауым бойынша және 5 қаңтарда жариялаған видеода "наразылық білдірушілер" арасында таяқпен қаруланған кемінде үш мың адам болды. Көбі жастар 17 жастан 25 жасқа дейінгілер", - деді Жандос Құрманбаев.

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.