Алматыдағы университет аумағындағы жігіттің қазасы: Ғылым министрлігінің басшысы жаңа мәліметтерді жариялады

0
307

Марқұм Алматыдағы №185 мектептің 11-сыныбының түлегі болған.


Алматыдағы университет аумағындағы жігіттің қазасы: Ғылым министрлігінің басшысы жаңа мәліметтерді жариялады

ERNUR.KZ. Маусымның 21-і күні Мәжіліс алаңында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағындағы жас жігіттің өлімінің мән-жайын айтып берді, деп жазады zakon.kz.

Министрдің айтуынша, марқұм Алматыдағы No185 мектептің 11-сыныбының түлегі болған. Қайғылы күні, 19 маусымда ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қалашығында ҰБТ тапсыруға келген.

"Түстен кейін сағат 16:00-де ауа-райы өте ыстық болды, бірақ ол тыйым салу белгісіне қарамастан, субұрқақтың ішіне кірген. Субұрқақ екі деңгейлі болды, ол негізгі тостаған жерге көтерілді. Бүгін сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша себеп анықталады. Бұған дейін екі негізгі нұсқа болған – жүрегі тоқтап қалған немесе ток соққан деген", – дейді Саясат Нұрбек.

Ғылым министрлігінің басшысы оқиғаның мән-жайын Алматы қаласы Бостандық аудандық полиция департаменті тексеріп жатқанын қосты.

"Ол ҰБТ-дан өтпеді, себебі Алматыда электр қуатының үзілуіне байланысты бұл процесті кейінге қалдыруға тура келді, енді сот-медициналық сараптаманың қорытындысын күту керек, алдымен өлімнің себебін анықтау керек , одан кейін қосымша ақпарат айтуға болады", – дейді Саясат Нұрбек.

19 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағынан жас жігіттің мәйіті табылды. Қайтыс болған жас жігіт университетке кіре берістегі субұрқақтың жанынан табылды. Бұл факті бойынша тергеу басталды.