Алматыдағы вебкам-студияға тікелей эфир кезінде полиция басып кірді

0
366

Студияда болған қыз бен әкімші полиция бөлімшесіне жеткізілді.


Алматыдағы вебкам-студияға тікелей эфир кезінде полиция басып кірді

Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Полиция қызметкерлері Алматыдағы пәтерлердің бірінде жұмыс істеген вебкам-студияның қызметін тоқтатты. Тәртіп сақшылары бөлмеде онлайн-трансляция жүргізіп отырған қыз бен студия әкімшісін ұстады, деп жазады Stan.kz.

Полицияның мәліметінше, арнайы операцияны Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Медеу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген. Тергеу нұсқасына сәйкес, пәтер ақылы интимдік сипаттағы интернет-трансляциялар өткізу үшін арнайы жабдықталған.

Тінту барысында полиция қызметкерлері компьютерлік техниканы, бейнекамераларды, онлайн-трансляция жүргізуге арналған жабдықтарды және тергеу үшін маңызды болуы мүмкін өзге де заттарды тәркіледі. Студияда болған қыз бен әкімші полиция бөлімшесіне жеткізілді.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында заңсыз студияны ұйымдастыруға және оның жұмысына қатысы бар барлық тұлғалар мен құқыққа қайшы әрекеттің мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады полиция.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары азаматтарды интернеттегі заңсыз әрекеттері үшін жауапкершіліктен құтыламын деп ойламауға шақырды. Полицияның айтуынша, желідегі кез келген құқыққа қайшы әрекет цифрлық із қалдырады және оны тергеу барысында анықтауға болады.