Алматыдағы жер сілкінісі: Медициналық көмекке жүгінгендер саны артты

0
662

Олар түрлі көрсеткіштермен олар қалалық стационарларға жеткізілген.


Алматыдағы жер сілкінісі: Медициналық көмекке жүгінгендер саны артты

Денсаулық сақтау басқармасы Алматыда жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 44-ке дейін артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Басқарманың хабарлауынша, 23 қаңтарға қараған түні алматылықтар қатты жер сілкінісінен бас жарақаты, түрлі жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақаттары бар 44 адам медициналық көмекке жүгінді.

"Әр түрлі көрсеткіштермен олар қаланың стационарларына жеткізілді. Оның ішінде 34 ересек адам, оның 3-і ауруханаға жатқызылса, 31 адам амбулаториялық емделуге жіберілді", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар 10 бала медициналық көмек алды. Оның 5-еуі ауруханаға жатқызылса, 5-еуі амбулаториялық емге жіберілді. Барлық пациенттер қаланың емдеу мекемелерінде білікті медициналық көмекпен қамтамасыз етілді.

Түнде Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жедел медициналық жәрдем қызметі мен барлық көпбейінді стационарлар, оның ішінде мамандандырылған стационарлар, балалар стационарлары, қаланың босандыру ұйымдары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлағанын естеріңізге сала кетейік.

Еске сала кетейік, бүгін түнгі сағат 03:00-де 8 адам жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Жарақат алған үш адам тұрғын үйлердің 2 және 3-қабатынан секірген.