Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген.
Фото:depositphotos.com
ERNUR.KZ. Қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 253 шақырым жердегі жер сілкінісін тіркеді, деп жазады tengrinews.kz.
Жер асты дүмпуі 16 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 05:12-де тіркелген.
"Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 253 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінісі болды.