Зілзаланың энергетикалық класы 11.9
ERNUR.KZ "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 3 ақпан күні Алматы уақытымен сағат 14:36-да жер сілкінісін тіркеді, деп жазады Ulysmedia.kz.
Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 км қашықтықта Қытай аумағында орналасқан. Афтершок Қытай аумағында тіркелді.
Зілзаланың энергетикалық класы 11.9
Магнитудасы 5.3. MPV.
Эпицентрінің бағыты 41.18° с.е. 78.53° ш.б. жатыр.
Тереңдігі 5 км.
Қазақстан аумағында сезілуі туралы ақпарат жоқ.
Естеріңізге салсақ, Алматыда 23 қаңтар күні түнде қуатты жер сілкінісі болды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы 40-тан астам адам жарақат алғаны жөнінде ақпарат таратты.
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов үкімет отырысында (онлайн қатысты) жер сілкінісі 4 облыста болғанын, ең қуаттысы Алматыда болғанын мәлімдеді.