Зілзала ошағы Қытай аумағында орналасқан.
ERNUR.KZ. Жерасты дүмпулері 27 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 03:19-да тіркелді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Бұл туралы «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми оталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі мамандары мәлімдеді.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 291 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,6. MPV магнитудасы - 4,1», - делінген мәлімдемеде.
Естеріңізге сала кетейік, 23 мамырда қазақстандық сейсмологтар Алматының оңтүстік-шығысында Қытай аумағында бірден бес жер сілкінісі болғанын анықтады.