Алматыдан 311 км қашықтықта жер сілкінді

0
403

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 311 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасты.


Алматыдан 311 км қашықтықта жер сілкінді

ERNUR.KZ. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 16 мамыр күні, Алматы уақытымен сағат 15.13-те жер сілкінісін тіркеді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 311 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасты.

Энергетикалық санаты – 9.7.

MPV магнитудасы – 4.4.

Эпиоцентр координаттары – 340.75° с.е. 78.73° ш.б.

Тереңдігі – 5 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ», - делінген хабарламада.