СІМ бұл қалыпты халықаралық тәжірибе деп отыр.
фото: freepik
ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Алматыда консулдық мекеменің құрылысы үшін АҚШ үкіметіне жалға берілетін жер туралы түсінік берді, деп жазады inbusiness.kz.
"Біздің елшіліктеріміз шетелде екіжақты келісімдер аясында келіскен аумақтарда орналасқан. Қазақстандағы кейбір елшіліктердің аумағы өте кең. Бұл қарапайым халықаралық тәжірибе. Шетелде біздің елшіліктеріміз де үлкен аумақтарға орналасқан", - деп түсіндірді СІМ өкілі Мәжіліс кулуарында.