​Алматыдан Вьетнамға шыққан ұшақ әуежайға қайтып келуге мәжбүр болды

0
156


​Алматыдан Вьетнамға шыққан ұшақ әуежайға қайтып келуге мәжбүр болды

Фото: Мақсат Шағырбай/Kazinform

ERNUR.KZ. Алматыдан Вьетнамға шыққан Air Astana ұшағы қала үстінде біраз уақыт қалқып, кейін әуежайға қайтып оралған, деп жазады inform.kz.

Air Astana жауабына сәйкес, 28 наурызда Алматы — Нянчанг бағыты бойынша КС193 түнгі рейсін орындаған Air Astana ұшағы техникалық себеппен Алматы әуежайына мәжбүрлі түрде қонған.

— Рейсті күту кезінде жолаушыларға ыстық тамақ пен сусындар, ал қалауы бойынша қонақ үйге орналастыру ұсынылды. Жолаушылар басқа әуе кемесімен сағат 07:15–те жолға шықты. Рейс кешіккені үшін жолаушылардан кешірім сұраймыз, — деп хабарлады компаниядан.