ERNUR.KZ. Алматылық дәрігерлер босанған әйел мен салмағы 1 келі сәбиді аман алып қалды, деп жазады sputnik.kz.
Александра ауыр екі жақты субтотальды вирустық-бактериялық пневмония диагнозымен №4 қалалық клиникалық ауруханада емделіп жатқанда төртінші баласын дүниеге әкелді.
"Жүкті әйел бас ауруы, қан қысымының жоғарылауы, ентігу, әлсіздік шағымдарымен қабылдау бөліміне түскен. Онда екі жақты субтотальды пневмония анықталды. Терапевтер консультацияға гинекологтарды шақырды. Науқаста ауыр преэклампсия диагнозы, 26 апта жүктілік мерзімі анықталды. Әйел дереу жансақтау бөліміне жатқызылды, одан әрі емдеу және тексеру қатаң түрде жансақтау бөлімінде жүргізілді, сонда клиникалық, зертханалық және аспаптық тексерулер жүргізілді, бірнеше жалпы қалалық консилиум өткізілді", - дейді гинеколог дәрігер Анжела Умаркулова.
Анасы мен нәрестені аман алып қалуды ғана ойлаған дәрігерлер алдағы 48 сағатта кесарь тілігін жасу керек деп шешкен.
Өмірге салмағы 1 кг 400 г қыз бала дүниеге келді.
"Босанған әйелдің жағдайы өте ауыр болғандықтан, ол ары қарай емделу үшін №4 қалалық клиникалық ауруханада қалдырылды. Мұнда науқас 12 күн болды. Осы уақыт аралығында критикалық көрініс бірнеше рет қайталанып, реаниматологтар барлық асқынуды түзетіп, оны тұрақты жағдайға жеткізді. Әйелдің жағдайы жақсарып, үйіне шығарылды", - дейді Анжела Умаркулова.
Әйелдің өмірі үшін 4 қалалық клиникалық аурухананың гинекологтары, реаниматологтары, терапевтері, хирургтары және кардиологтары күрескен. Қазір Александра мен сәбиі аман-есен жазылып, үйіне шығарылды.