Алматылық әйел 20 жыл бойы құжатсыз жүрген

0
604

Оның үш баласы да алғаш рет құжат алды.


Алматылық әйел 20 жыл бойы құжатсыз жүрген

49 жастағы алматылық әйел және оның үш баласы алғаш рет Қазақстан азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттарды алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ольга Денисованың 1974 жылғы үлгідегі (КСРО) паспортын 20 жыл бұрын жоғалтқан, содан бері құжатсыз өмір сүрген. Қиын жағдайды шешу үшін әйел мемлекет басшысына жүгінді.

"Азаматша Денисова Ольга Сергеевна, 1972 жылы туған, 20 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан Республикасының аумағында жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өмір сүрген. Құжаттардың болмауына байланысты және қиын қаржылық жағдайды ескере отырып, О.С.Денисованың – 1996 жылғы, 1999 жылғы және 2002 жылы туған үш баласының жеке басын куәландыратын ешқандай құжаттары болған жоқ", – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Оның сөзінше, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндетті рәсімдер орындалғаннан кейін, Олар ҚР азаматтары деп танылды.

"Сәйкесінше, оларға Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәліктері берілді", – деді Асхат Бутунчинов.

Ольга Денисованың қызы өз кезегінде отбасы үшін маңызды мәселені шешкені үшін ризашылығын білдірді.

"Біз еліміздің Президентінен көмек сұрадық, содан кейін олар бізге шұғыл көмектесті, құжаттарды жасады, бұл үшін мен Қазақстан Республикасының Президентіне, ІІМ КМС, Алматы қаласының көші-қон қызметіне алғыс білдіргім келеді", – деп қорытындылады Александра Денисова.