Алматылық құтқарушы видеоүндеу жасады

0
411

Ол жақында Медеудегі өртті сөндіру кезінде әріптесі құзырлы органдардың біліксіздігінен қаза тапқанын мәлімдеді.


Алматылық құтқарушы видеоүндеу жасады

ERNUR.KZ. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері басшылығын сынға алып, видеоүндеу жасады, деп жазады tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде азаматтық қорғау қызметкерінің формасын киген адам өзін Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жүргізушісі Арман Өмірбаевпын деп таныстырған видео тарап жатыр. Ол жақында Медеудегі өртті сөндіру кезінде әріптесі құзырлы органдардың біліксіздігінен қаза тапқанын мәлімдеді.


Осыдан кейін Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті үндеу авторын қабылдады. ТЖД қызметкерінің өтініші бойынша кездесуге блогер Жанар Құсайынова да қатысқан.

"Қызметкер әлеуметтік желі арқылы гарнизон жұмысын ұйымдастыру туралы өз пікірін ашық айтты, бірақ комиссия қабылдауында нақты дәлелдер мен деректер келтіре алмады.
Әңгімелесу қорытындысы бойынша толық, жан-жақты және объектив тексеру мақсатында аталған өтінішке түрткі болған себептер мен деректерді анықтау бойынша нақты тапсырмалар беріледі", - деп түсіндірді ТЖД өкілдері.

Кейін әлеуметтік желілерде Өмірбаевтың тағы бір видеосы пайда болды. Онда ТЖД қызметкері өз мәлімдемесінде қобалжығанын айтып, айтқан сөзі үшін кешірім сұрады.