Алматы облысының азаматы, тоқыма тоқу тек нәзік жандыларға ғана арналған іс емес екенін дәлелдеді.
фото: sputniknews.kz
ERNUR.KZ. Алматы облысының Райымбек ауданының тұрғыны Нұрлан Жартыбеков 72 сағат бойы тоқтамай ені 30см, ұзындығы 43 метрлік шәлі тоқыды, деп жазады sputniknews.kz.
Қазақстандық рекордтар кітабына тіркеу департаментінің директоры Бақытжан Тастүлеков, 72 сағат тоқыма тоқығаны үшін "Қазақстан рекордтар кітабының қаһарманы-2018" сертификатын табыс етті.
«Ата-анамның айтуынша, тоқуды бес жасымнан бастаған екенмін. Көпшілік бұның ер азаматқа арналмаған екенін сөз етеді. Бірақ мен үшін маңыздысы бұл іс маған ұнайды. Алдын жұмулы көзбен тоқудан рекорд орнатқан болатынмын. Енді тоқтаусыз үш тәулік тоқып тағы да рекорд жаңарттым,» - дейді Н.Жартыбеков.