Алматылық жүгіруші метромен жарысып, жеңіске жетті

0
99

Алматыда ерекше тәжірибе өтті.


Алматылық жүгіруші метромен жарысып, жеңіске жетті

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. "Метрополитен" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкері Қайрат "Бауыржан Момышұлы" мен "Райымбек батыр" станцияларының арасын жүгіріп өтіп, метромен барған әріптесінен бұрын жетті, деп жазады zakon.kz.

Екеуі бір уақытта жолға шықты. Қайрат көшемен жүгіріп кетті, ал әріптесі метроға бет алды.

"Қайрат жүгіріп кетті, ал біз пойызға қай жақтан өтетінімізді таба алмай жүрміз... Пойыздан қалып қойған сияқтымыз. Енді Қайрат біраз озып алатын болды. Ал, көрейік. Міне, "Бауыржан Момышұлы" станциясынан пойызға отырдық. "Райымбек батырға" дейін 11 станция жүріп өтеміз. Жолға жарты сағаттай уақыт кетеді. Қайрат осы аралықта шамамен 14 шақырым жүгіреді", – деді әріптесі.

Сол кезде Саин көшесімен төмен қарай жүгіріп бара жатқан Қайрат: "Маған осының не керегі барын өзім де білмеймін", – деді.

Қайрат "Райымбек батыр" станциясының кіреберісіне әріптесінен бұрын жетті. Ол 13 шақырымнан сәл астам қашықтықты 51 минут 15 секундта жүгіріп өтті.

"Біз алғашқы пойызға үлгермей, келесісін 15 минут күттік. Жарыстың нәтижесін шешкен де сол 15 минут болды. Меніңше, тағы бір жарысуымыз керек", – деді әріптесі.

Қазан айында да Алматыда велосипедпен, қоғамдық көлікпен және метромен жүргендердің қайсысы межелі жерге тезірек жететінін сынап көрген еді. Ол жолы велосипедші жеңіске жеткен.

2026 жылғы 9 қарашада Алматы метросында "Оңай" жүйесінің QR-коды арқылы жолақы төлеу кезінде ақау шыққан еді. Осыдан кейін метрополитеннің баспасөз қызметі жолаушылар жолақысын төлеп, турникеттен тезірек өтуі үшін турникеттерді жаңартып жатқанын хабарлады.