Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында энергетикалық инфрақұрылымның күзгі-қысқы кезеңнен өтуге дайындығы туралы баяндады.
ERNUR.KZ. Үкімет үйінде Олжас Бектеновтің төрағалығымен жылу беру маусымының барысы қаралуда.
«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында энергетика нысандарын салу, инженерлік желілер мен инфрақұрылым жобаларын жүзеге асырудың маңызын атап өтті. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жаңарту – осы ауқымды жұмыстың негізгі бағыттарының бірі», — деп атап өтті Премьер-министр Үкімет отырысында.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында энергетикалық инфрақұрылымның күзгі-қысқы кезеңнен өтуге дайындығы туралы баяндады. Оның айтуынша, тұтынушылар электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етілген.
Жылыту маусымына дайындық аясында еліміздің электр стансаларында 8 энергоблок, 49 қазандық және 37 турбинаға жөндеу жұмыстары аяқталды. Өңірлік электр желілерінде 17,1 мың шақырым электр беру желілері мен 444 қосалқы станция жөнделді.


