​Түркістан облысында жылу беру кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі жүйесі кеңейтілуде

0
102

Соңғы үш жылда облыс тұрғындарын газдандыру деңгейі 85%-дан 90%-ға дейін өсті.


​Түркістан облысында жылу беру кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі жүйесі кеңейтілуде

ҚР Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылу беру маусымының өту барысы талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылу беру маусымының өту барысы, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары талқыланды. Жиынға Түркістан облысының әкімі онлайн режимде қатысты.

Түркістан облысында жылу беру кезеңіндегі өрт қауіпсіздігін күшейту жұмыстары жалғасуда. Соңғы үш жылда өңірлік өртке қарсы қызметке 25 жаңа техника алынды, 16 өрт сөндіру бекеті ашылды. Бұл туралы Үкімет отырысында облыс әкімі Нұралхан Көшеров баяндады.

Оның айтуынша, «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жыл соңына дейін тағы 11 бекет ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, Леңгір қаласы мен Оранғай ауылында өрт сөндіру бөлімдері пайдалануға берілді. Нәтижесінде 158 елді мекеннің 363 мың тұрғыны өртке қарсы қорғаныспен қамтылатын болады.

«Соңғы үш жылда облыс тұрғындарын газдандыру деңгейі 85%-дан 90%-ға дейін өсті. Табиғи газды беру кезінде автоматты газ сигнализаторлары орнатылады. Барлық аудандар мен қалаларда 17 газ инспекциясы құрылды. 18 мың кәсіпкерлік нысандарында және 290 мың тұрғын үйде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Зерттеу барысында 282 мың тұрғын үйде түтін мұржалары тазаланып, 205 мың газ дабылы жабдықталғаны анықталды», – деді өңір әкімі.

Бөлісу