Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды.
ERNUR.KZ. Ғылым және жоғары білім министрлігі Алматыда студенттер жатақханаларына қатысты жағдай тұрақты екенін мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.
"Университет жатақханаларының ешқайсы бүлінген жоқ. Сондай-ақ, студенттерде де бәрі жақсы. Жалған ақпаратқа сенбеуді және таратпауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Полицейлер ескертті: жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар.
Еске салайық, Алматыда жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан.