Алматылықтарға тауға баруға тыйым салынды

0
783

Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні жүруі мүмкін.


Алматылықтарға тауға баруға тыйым салынды

ERNUR.KZ. Туристерге Алматы тауларындағы Богданович мұздығының үңгіріне бармауға шақырды, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті 20 желтоқсанда мәлімдеді.

Жауын-шашын мен қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні жүруі мүмкін.

Қала тұрғындарын тауларда тайғақ соқпақтар мен тәуліктің әртүрлі уақытында температураның кенеттен өзгеруі кезінде маусымаралық жорықтардың қауіптілігі туралы ескерткіміз келеді. Қар көшкіні мен сел жүру ықтималдығы артады. Тауға шықпас бұрын таудағы жауын-шашынның ықтималдығын әрдайым тексеріп, сапар уақытын есептеңіздер», – деді Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Сонымен қатар, Богданович мұздығында қар көшкіні жүретін 12 аймақ бар.

Мұздық үлкен Талғар асуынан оңтүстік-батысқа қарай Іле Алатауының Кіші Алматы сілемінде орналасқан. Биіктік айырмашылығы: теңіз деңгейінен 3160-3360 м биіктікте.