Жұмыс уақыты 8:00-ден 19:00-ге дейін, бір сағаттың құны – 100 теңге
ERNUR.KZ. Алматының бірнеше ауданында ақылы тротуар тұрақтары іске қосылады, деп жазады sputnik.kz.
30 желтоқсаннан бастап Бостандық, Түрксіб, Жетісу және Наурызбай аудандарында ақылы тротуар тұрағы минутына төленеді.
Бостандық ауданында 9 аймақ және 710 автотұрақ болады, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 45 орын бар.
Түрксіб ауданында 1 аймақ, 305 орын, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 15 орын бар.
Жетісу ауданында 2 аймақ, 201 орын және мүгедектігі бар адамдар үшін 20 орын бар.
Наурызбай ауданының 1 аймағында 75 орын бар, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 2 орын жұмыс істейді.
Еске сала кетейік, 11 қыркүйекте Медеу ауданында және 11 желтоқсанда Алмалы ауданында ақылы автотұрақтар іске қосылған болат ын.
Жұмыс уақыты 8:00-ден 19:00-ге дейін, бір сағаттың құны – 100 теңге. Заң бұзушылықтарды тіркеу автоматты режимде, "Алматыпаркинг" КМК мобильдік кешендер арқылы (арнайы авто) жүргізіледі. Ыңғайлы болу үшін "Алматы тұрақтары" мобильді қосымшасын пайдалануға болады.