Алматының орталығында полицейлер мен ер адамдардың ерегесі видеоға түсіп қалды

0
149

Оқиға Абылай хан көшесіндегі "Театралка" мейрамханасының маңында болған.


Алматының орталығында полицейлер мен ер адамдардың ерегесі видеоға түсіп қалды

фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Алматы орталығында полицейлер мен ер адамдар арасындағы жанжал видеоға түсіп қалды. Кадрлар әлеуметтік желілерде тарады, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға Абылай хан көшесіндегі "Театралка" мейрамханасының маңында болған. Видеодан бірнеше ер адамның полицейлермен жанжалдасып жатқаны көрінеді. Кейін бірнеше полиция қызметкері ер адамдардың бірін жерге құлатып, ұстағаны байқалады. Жазбада бейәдеп сөздер де естіледі.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер айтылады.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, бүгін таңертең 102 қызметіне қала орталығындағы мекемелердің бірінде қоғамдық тәртіптің бұзылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына бірнеше патрульдік экипаж жіберілген.

"Оқиға орнында мас күйде болған азаматтар болған. Ер адамдар полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына дөрекі қарсылық көрсетіп, агрессия танытты. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында алты азаматтың барлығы ұсталып, Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Олардың әрқайсының әрекетіне құқықтық баға беріледі", – делінген Алматы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.

"Сонымен қатар, құқық бұзушылар әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін де жауапқа тартылады. Айта кету керек, полиция қызметкерлері заң шеңберінде әрекет етті және қоғамдық қауіпсіздікке төнген нақты қауіпке ден қойды. Мемлекеттік билік өкілдеріне қарсы кез келген агрессия мен қарсылық көрсету – әсіресе олар өз қызметтік міндетін орындап жатқанда – ақтауға келмейді", – деп мәлім етті полиция өкілдері.