​Алтын адам елордадағы Ұлттық музейге қойылды

0
3 266

17 жастағы ер адамның мүсінін Шығыс Қазақстандағы археологиялық қазба жұмыстары кезінде танымал археолог Зейнолла Самашев тапқан болатын. Ол біздің дәуірімізге дейінгі 8-7-ғасырларда өмір сүрген.


​Алтын адам елордадағы Ұлттық музейге қойылды

ERNUR.KZ. Осыдан 2 ай бұрын табылған тағы бір алтын адам Астанадағы ұлттық музейге жеткізілді, деп жазады 24.kz.

17 жастағы ер адамның мүсінін Шығыс Қазақстандағы археологиялық қазба жұмыстары кезінде танымал археолог Зейнолла Самашев тапқан болатын. Ол біздің дәуірімізге дейінгі 8-7-ғасырларда өмір сүрген. Көрмеде алтын адамнан бөлек бағалы әшекей бұйымдар да қойылды. Игі шара Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы аясында ұйымдастырылды. Алқалы жиында биыл атқарылған қазба жұмыстарының нәтижесі қорытындыланды.

Зейнолла Самашев, тарих ғылымдарының докторы:

- Бұл үлкен жаңалық болды. Біздің дәуірімізге дейінгі 8-ғасырда өмір сүрген біздің ата-бабаларымыз сақтар дәуірінің алғашқы кезеңіне жататын. Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында солардың тоналмаған ескерткіші табылып отыр. ШҚО-да кейінгі 3 жылға арналған археологиялық ескерткіштердің зерттеуді жүргізу туралы жаңа бағдарлама қабылданған болатын.

Көрмеде ассамблеяның «Қазақтану», «Ұлы дала елінің киелі мұрасы» жобасын іске асыру барысы да талқыланды. Мамандар айтып қана қоймай, алдағы 2 жылға ғылыми жоспар түзді. 70-тен астам жобаны қолға алмақ ниетте. Демек тың ізденістер алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Елбасы Н.Назарбаев өзінің таяудағы жолдауында маңызды бағыттарды айқындап бере отырып, барлық кезеңде де табысқа деген нық сенім мен халықтың бірлігі ғана ел тағдырын шешкен. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында ғана біз ұлы асуларды бағындыра аламыз деп атап өткен. Осы орайда ел бірлігін нығайту ісіне ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің де қосып отырған үлесі өте зор.