Сейсенбі күні таңертең металдардың құны айтарлықтай төмендеді.
Сурет: freepik
ERNUR.KZ. Әсіресе алтын қатарынан бесінші сауда сессиясында арзандап жатыр, деп жазады zakon.kz.
Oxu.Az деректеріне сәйкес, Қазақстан уақыты бойынша сағат 10:26-дағы жағдай бойынша Нью-Йорктегі Comex биржасында маусым айындағы алтын фьючерстерінің бағасы алдыңғы жабылу деңгейімен салыстырғанда 64,96 доллар немесе 1,46% төмендеп, бір трой унциясы үшін 4374,54 доллар болды.
Жалпы алғанда, кейінгі төрт күн ішінде қымбат металлдың бағасы 11,3% арзандаған.


