Тәжірибелі тергеушілер қатарынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.
ERNUR.KZ. Майқайыңның алтын кенішінде болған қайғылы жағдайға байланысты Павлодар облысының полициясы сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп жазады inform.kz.
- Екі немесе одан да көп адамның абайсызда қайтыс болуына әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу фактісі бойынша полиция Қазақстан Республикасы ҚК 277-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тәжірибелі тергеушілер қатарынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Тергеу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.
Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жария етілмейді.