"Алтын Орда" маңындағы жол апаты: жүк көлігі мен BMW бетон блоктарды бұзып өткен

0
702

Алдын ала мәлімет бойынша, Shacman маркалы жүк көлігінің 34 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, BMW маркалы автокөлікпен соқтығысқан


ERNUR.KZ. "Алтын Орда" базары маңындағы тасжолда жүк көлігі мен жеңіл көлік жол апатына ұшырады, деп жазды tengrinews.kz.

Видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Кадрлардан соқтығыс салдарынан көліктер жол бойындағы бетон блоктарға соғылғанын көруге болады.


Жол апаты Алматы-Бішкек тасжолының 18-шақырымында болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, Shacman маркалы жүк көлігінің 34 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, BMW маркалы автокөлікпен соқтығысқан, содан кейін жеңіл көлік соққы инерциясынан бетон блокқа соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жолаушысы дене жарақатын алып, Алматы қаласының ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта түпкілікті процессуалдық шешім қабылдау үшін сараптамалар тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

"Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деп қосты полицейлер.