AMANAT партиясы өз жұмысын қашан тоқтатады

0
192

Бүгін "Әділет" партиясының II съезінде AMANAT-ты өз құрамына қабылдауға шешім қабылданды.


AMANAT партиясы өз жұмысын қашан тоқтатады
© Sputnik / Санат Имангалиев

ERNUR.KZ. "Әділет" партиясына қосылған AMANAT өз жұмысын бес-алты айда тоқтатады. Бұл туралы жаңа партияның өкілі Рауан Кенжеханұлы мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Бүгін "Әділет" партиясының II съезінде AMANAT-ты өз құрамына қабылдауға шешім қабылданды.
"Бұл - саяси шешім. Бірақ осы шешімді заңды түрде рәсімдеуге белгілі бір уақыт қажет. Сондықтан AMANAT партиясы әзірше болады. Себебі бізге барлық рәсімді өткізу керек. Осы уақытта мәслихаттар да өз жұмысын жалғастыра береді. Себебі AMANAT заңды тұрғыда әлі бар", - деді Кенжеханұлы съездер кейінгі брифингте.

Оның айтуынша, AMANAT-тың "Әділет" партиясына қосылу туралы шешім 5-6 айдай заңды түрде рәсімделеді. Сол кезде қазіргі билік партиясы ресми түрде өз жұмысын тоқтатады