Америкалық корпорация ірі жобасын жүзеге асыру үшін Қарағанды облысын таңдады

0
1 186

Бұл тек облыс үшін ғана емес, жалпы республикамыз үшін өте тиімді жоба болмақ


Америкалық корпорация ірі жобасын жүзеге асыру үшін Қарағанды облысын таңдады

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов АҚШ инвесторы - AGCO корпорациясының өкілі Томас Ф. Велкені қабылдады. Кездесу барысында мал өсіру саласына қатысты ауқымды жобаны іске асыру мәселелері талқыланды, деп жазады ҚазАқпарат.

Америкалық компания аймағымызда шошқа өсіру саласында Ғылыми-зерттеу генетикалық селекциялық-гибридтік орталық құруға кірісті. Аталмыш жобаны іске асыру Қазақстанға жаңа экспорттық мүмкіндіктер береді. Орталық құрылысына Бұқар Жырау ауданының Шешенқара ауылының маңында 200 гектар жер бөліген. Қазір қаржыландыру және мемлекеттік қолдау мәселелері талқылануда.

Жоба қымбат тұрады: оның құны - 16 млрд теңгеден асады. - Үш жылдың аралығында біз осы жобаны Қазақстанда жүзеге асырудың әлеуеттерін сараптап шықтық. Біз генетикалық метариалды өсіру үшін әлем бойынша түрлі локацияларды қарап шықтық. Жұмыс күшінің, бос жер телімдерінің болуы секілді аспектілер қарастырылды. Алайда ең бастысы - жем базасы тұрғысынан шығындардың тиімділігі. Жәнеде бұл тұрғыда Қазақстан үлкен артықшылықтарға ие, - деді AGCO аға вице-президенті Томас Ф. Велке.

Бизнесмен республикада, оның ішінде Қарағанды облысында инвестициялық климат жағымды екенін атап өтті. Оның айтуынша, осы секілді кәсіпорындар Вьетнам мен Филиппинде бар, және дәл осындай орталық салынған соң, Қазақстан да сол елдермен бәсекелесе алады. Шошқа етін тиімді экспорттау нарығы Қытай мен Ресей болатынын анықтаған. Ал генетикалық материалды Еуропадан сатып алу жоспарланып отыр. Бизнесмен әлемдік технологиялар мен білімдер трансфертіне басымдылық жасайтындарына уәде берді.

"Біз облыс басшылығынан қолдау таптық. Бірқатар мәселелерді орталық деңгейде шешу керек: қаржыландыру және субсидия алу кезеңдері бойынша - бұл әлемдік нарықтағы бәсекелестік тұрғысында маңызды. Осы мәселелерді шешкен соң, құрылысты бастауға жарты жыл уақыт қажет болады. Сондай-ақ құрылыс жұмыстарының өзі 18 айға созылады," - деп мәлімдеді корпорация өкілі. Ерлан Қошанов

Құзырлы мамандарға инвестор жобаны соңына дейін жеткізуіне көмек көрсетуін тапсырды.

"Бұл тек біздің облыс үшін ғана емес, жалпы республикамыз үшін өте тиімді жоба. Жәнеде біз оның жүзеге асырылуына қызығушылық танытып отырмыз. Қолдау көрсетіп жатырмыз және әрі қарай да жәрдемдесеміз - ол үшін мемлекеттік механизмдер бар," - деп атап өтті аймақ басшысы.

AGCO корпорациясының кеңсесі АҚШ Иллинойс штатының Assumption қаласында орналасқан.