Ер адамның жары Қарағандыдан күйеуінің биологиялық әке-шешесіне іздеу жариялады.
Фото: Kazakh American Association
ERNUR.KZ. Хабарлама Kazakh American Association қауымдастығының Facebook парақшасында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.
Жазба авторының сөзінше, жолдасының есімі – Николас Пикколо. Ол 1998 жылы 26 қарашада Қарағандыда дүниеге келген. Туған кезде оған Руслан Өмірзақов деген есім берілген.

Жұбайы Шанель Пикколоның айтуынша, Николас кішкентай кезінде Қарағандыдағы "Малютка" балалар үйінде тәрбиеленген. Кей деректерде бұл мекеме "Шапағат" аталуы мүмкін, алайда отбасы бұл ақпаратты нақты білмейді.
Бала асырап алу рәсімі 2003 жылғы 19 қаңтарда өткен.
"Біздегі бар ақпаратымыз осы. Біреу бізге көмектесе алады дегенге сенім жоқ. Бірақ мүмкіндігіңіз болса, бізбен байланысыңыз", – деп жазды шетелдік әйел.


