Антикор бұрынғы вице-министр Қожағапановтың ісі бойынша тергеуді аяқтады

0
204

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.


Антикор бұрынғы вице-министр Қожағапановтың ісі бойынша тергеуді аяқтады

Ерлан Кожагапанов. Фото:primeminister.kz

ERNUR.KZ. Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты тергеу аяқталды, деп жазады tengrinews.kz.

Антикор Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі және мердігер ұйым басшылығына қатысты ауыр қылмыс жасағаны бойынша тергеуді аяқтады.

"Олар қызметтік өкілетін асыра пайдаланды және 1 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталып отыр. 2024 жылдың 13 желтоқсанында Бас Прокуратура күдіктілерді сотқа берді", - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.