Антикордың Қостанай облысы бойынша жаңа басшысы тағайындалды

0
718

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қостанай облысы бойынша жаңа басшысын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов таныстырды.


Антикордың Қостанай облысы бойынша жаңа басшысы тағайындалды

Қостанай облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа басшысы тағайындалды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қостанай облысы бойынша жаңа басшысын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов таныстырды. Ведомство басшысы Серікжан Мырзалы болған.

"Серікжан Қуанышбекұлының құқық қорғау органдарында да, Қостанай облысының өзінде де мол тәжірибесі бар. Сондықтан ол аймақтың ерекшеліктерін жақсы біледі, бұл оның алға қойған мақсаттарына нәтижелі жетуіне көмектесуі керек", - деп таныстырды Олжас Бектенов.

Серікжан Мырзалы 1979 жылы туған. ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген. Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау және Қостанай облыстарының құқық қорғау органдарында әртүрлі басшылық қызметте жұмыс істеген. "Жауынгерлік ерлігі үшін" және басқа да мемлекеттік наградалары бар.