Министрлік осы мәселеге байланысты мәлімет алуға болатын номерлерді де ұсынған.
ERNUR.KZ. ҚР ИИДМ апатқа ұшыраған Bek Air әуекомпаниясының ұшағында болған жүктерді қайдан барып алуға болатынын хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.
«Бек Эйр ұшағы жолаушыларының туыстары ұшақта болған жүктерді алу үшін Алматы қаласы «Майлин, 12» мекенжайында орналасқан полиция бөліміне жүгіне алады» делінген хабарламада.
Сондай-ақ, министрлік осы мәселеге байланысты мәлімет алуға болатын номерлерді де ұсынды: (727) 270-34-54, 270-31-02.