"Арақпен сылауға болмайды": Дәрігер қызу түсіру үшін қолданылатын халық емінің қауіпті екенін айтты

0
684

Аллерголог-иммунолог маман қызу көтерілгенде көпшіліктің жиі жіберетін қателігі туралы айтты.


ERNUR.KZ. Иммунолог Евгения Паршина адамдардың қызу көтерілгенде жиі жіберетін қатерліктері туралы айтты, деп жазады stan.kz.

Дәрігер ыстығы көтерілген науқастың денесін арақпен немесе сірке суымен сылауға болмайтынын айтады.

“Халық емі болып кеткен бұл тәсілді қолдану қауіпті, әсіресе балалар үшін. Егер сірке суын дұрыс сұйылтпаса тері мен шырышты қабық күйіп қалуы мүмкін. Тіпті, науқастың жүрегі айнып, құсып, басы айналып ағза кері реакция беруі де ғажап емес. Алкоголь тері арқылы қанға сіңіп, организмге зардабын тигізеді”, – дейді иммунолог Евгения Паршина.

Маманның айтуынша, науқастың қызуы 38,0° градустан төмен болса оған дәрі беріп, температураны басуға тырысудың қажеті жоқ. Иммунитетке аурумен күресуге мүмкідік беру керек. Сондай-ақ науқас қызуы жоғары бола тұра өзін жақсы сезінсе, дәрі-дәрмек беруге асықпаған жөн. Ал егер бойында әлсіздік болып, қатты ауырсынса дер кезінде ыстықты басу үшін әрекет еткен дұрыс.

Температураны 36,0° градусқа дейін түсіремін деп қызуды басатын дәріні де артық мөлшерде қабылдау қауіпті.

“Ондай дәрілерді қолжетімділігіне қарамастан дәрігердің нұсқаулығымен ішу керек. Ибупрофен, парацетамол сияқты дәрілерді көбі өз бетінше қабылдай беретіні жасырын емес. Алайда олардың жанама әсерлері болуы мүмкін екенін ескерген жөн”, – дейді дәрігер.