Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл отырғызылады – Тоқаев

0
1 187

Тоқаев атап өткендей, ең ірі экологиялық апат - Арал теңізінің құрғауы тұзды шөлдердің пайда болуына себеп болды.


Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл отырғызылады – Тоқаев

ERNUR.KZ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында айтты, деп жазады baq.kz

"Қазақстан шағын орманды мемлекеттерге жатады. Орман қорының ауданы 30 миллион гектар немесе аумақтың 11%-ын құрайды. Биыл елді көгалдандыру бойынша ауқымды бағдарлама басталды. 2025 жылға дейін 2 млрд ағаш отырғызуды жоспарлап отырмыз", - деді ол.

Тоқаев атап өткендей, ең ірі экологиялық апат - Арал теңізінің құрғауы тұзды шөлдердің пайда болуына себеп болды.

"Құмды дауыл атмосфераға тек Қазақстан бойынша ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия елдеріне де тонна улы тұздарды тасымалдайды. Сондықтан өзбек әріптестерімізбен бірге Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл отырғызуды ұлғайту бойынша Қазақстанға арналған жеке бағдарлама қабылдадық. 2025 жылға қарай 1,5 млн га жерді қамтуды жоспарлап отырмыз", - деді ол.