Аргентинада құтанға ұқсас жаңа динозавр түрі анықталды

0
59


Аргентинада құтанға ұқсас жаңа динозавр түрі анықталды

Фото: Infobae
ERNUR.KZ. Аргентинада палеонтологтар шамамен 70 миллион жыл бұрын өмір сүрген, қазіргі құтанға ұқсас жаңа динозавр түрін анықтады, деп жазады Stan.kz.

Олжa Патагонияның оңтүстігінде, Санта-Крус провинциясындағы Эль-Калафате қаласына жақын маңда табылған.

Жаңа түрге Kank australis деген атау берілді. Ғалымдар ежелгі жануарды табылған қазба қалдықтары – тістер, омыртқалар және саусақ сүйектері арқылы сипаттап шыққан.

Зерттеушілердің мәліметінше, бұл динозавр жыртқыш болған және негізінен балықпен қоректенген. Аң аулау тәсілі жағынан ол қазіргі су жағасында олжасын аңдып жүретін құтандарға ұқсас болған. Оның дене ұзындығы шамамен 3 метрге дейін жеткен.

Ғалымдардың ерекше назарын Kank australis мойын омыртқаларының құрылысы аударды. Оның ішінде қозғалыс кезінде қан тамырларын зақымданудан қорғайтын арнайы құрылымдар болған. Мұндай анатомиялық ерекшелік қазіргі құтандар мен ұзын мойынды құстарда кездеседі.

Туыс атауы Патагония аумағында ғасырлар бойы өмір сүрген жергілікті теуэльче халқының мифологиясымен байланысты. Зерттеу нәтижелері Journal of Vertebrate Paleontology ғылыми журналында жарияланған.