Арқалық әуежайы сатылымға қойылды

0
1 864

Ғимарат пен оның бес гектар аумағы 30 миллион теңгеге бағаланған.


Арқалық әуежайы сатылымға қойылды

ERNUR.KZ. Бұған дейін жеке меншікке берілген Арқалық әуежайы (Қостанай облысындағы қала) хабарландыру сайтында сатылымға шығарылды, деп жазады Tengrinews.kz.

Ғимарат пен оның бес гектар аумағы 30 миллион теңгеге бағаланған. Аумақ иесі хабарландыруда оның фазенда немесе астық қоймасына ыңғайлы екенін жазып қойған.



Нысанның сатылымға қойылуы аудан тұрғындары арасында үлкен резонанс тудырды. Көптеген адам қараусыз қалған бұл аумақ әлі де әуе қатынасы үшін жарайды деп санайды.

"Жалпы, кәсіпкерлік пен туризмді дамыту үшін, Арқалық қаласының басқа өңірлермен байланысын нығайту, авиацияны, оның ішінде шағын авиацияны дамыту өте маңызды", - дейді тұрғындар.

Екі жыл бұрын Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің халыққа есеп беру кездесуінде жергілікті әуежайды іске қосу және Арқалықтан Қостанай мен Астанаға авиамаршруттар ұйымдастыру сұралған. Алайда бүгінде әуежай жұмысын қалпына келтіру бойынша ешқандай өзгеріс жоқ.

Айта кетейік, Арқалықтан 90-жылдары тұрғындар көше бастаған. Қазір қалада 40 мыңға жуық адам бар. Тұрғындар қала орталығында қоныстанған, ал айналасы бос тұр.