Арқалықтағы кәмелетке толмаған жүргізушінің әкесі видеоүндеу жасады

0
426

Арқалықта полицейлер тізгінінде 14 жастағы бала отырған көліктің артынан қуып, қарумен тоқтатқан болатын.


Арқалықтағы кәмелетке толмаған жүргізушінің әкесі видеоүндеу жасады

Фото: тengrinews.kz.

ERNUR.KZ. Арқалық қаласының тұрғыны Сергей Буглов жол талғамайтын көлікті басқарып, полицейлерді табельдік қару қолдануға мәжбүр еткен 14 жастағы ұлының әрекеті үшін көпшілік алдында кешірім сұрады, деп жазады Tengrinews.kz.

Баланың әкесі мұндай енді қайталанбайды деп уәде берді және болған оқиғаға барлық жауапкершілікті өз мойнына алды.

"Мен балаға, қозғалыс қатысушылары мен жаяу жүргіншілерге қатысты дұрыс әрекет жасамадым. Барлығынан кешірім сұрағым келеді. Жол полициясы қызметкерлері заң аясында әрекет етті, мені тоқтатпағанда, не боларын білмеймін", - деді 35 жастағы ер адам.


Бұған дейін Арқалықта полицейлер тізгінінде 14 жастағы бала отырған көліктің артынан қуып, қарумен тоқтатқаны хабарланған болатын. Желіде жүргізушінің жолаушылары түсірген видео пайда болды. Кадрларда баланың жанында нұсқаушы болып отырған ер адамды көруге болады. Көлікті тоқтату үшін тәртіп сақшылары табельдік қаруды қолданып, жол талғамайтын көліктің артқы дөңгелегін жарды.