Арман Шораев екені рас па: Астанада ер адамның әйелді шашынан сүйреп, соққыға жыққан видеосы тарады

0
366

Жәбір көрген әйел Шораевпен бірге тұратын болып шықты.


Арман Шораев екені рас па: Астанада ер адамның әйелді шашынан сүйреп, соққыға жыққан видеосы тарады

ERNUR.KZ. Астанада ер адамның әйелді көшеде шашынан сүйреп, ұрып жатқан видеосы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Kozachkov offside телеграм-арнасы видеодағы агрессор танымал қоғам қайраткері Арман Шораев екенін жазды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға жақында Астанада болған.

Кадрдан байқағанымыздай, ер адам көшеде көлікке мініп кетпек болған әйелді сабай бастайды. Ол жәбірленушіні шашынан сүйреп, жерге лақтырады, ұрып-соғады.

«Оқиға орнына келген полицейлер жанжалға қатысқандардың кім екенін анықтады. Видеодағы ер адам белгілі қоғам қайраткері Арман Шораев болып шықты», - деп жазды Kozachkov offside.

Таяқ жеген әйел Шораевпен бірге тұрады. Ол Шораевтың үстінен арызданудан бас тартқан, ешқандай шағымы жоқ екенін айтқан.