"АрселорМиттал Теміртау" АҚ басшылығы технологиялық цехтардың жөндеу персоналы мен жөндеу-құрастыру зауытының жұмысшылары үшін заманауи құралдарды сатып алу бағдарламасына бастамашылық етті.
ERNUR.KZ. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-да қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жөндеу персоналдарының жұмыс өнімділігін арттыру үшін заманауи құралдар мен құрылғылар сатып алынды. Бұл мақсатқа 375 миллион теңге бөлінді, деп жазады stan.kz.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ басшылығы технологиялық цехтардың жөндеу персоналы мен жөндеу-құрастыру зауытының жұмысшылары үшін заманауи құралдарды сатып алу бағдарламасына бастамашылық етті.
“Берілген өтінімдер негізінде құралдар тізімі қалыптастырылды. Өтініштер бойынша цех басшылары қажетті тізімді өздері құрастырды. Осы өтінімдер негізінде сатып алу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда цехтар қажетті құрал-саймандармен 73 пайызға жабдықталған. Өтініштер бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін барлығын толық жабдықтау жоспарлануда. Біз бұл бағдарламаны 2023 жылы да жалғастырамыз", - деді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ РМЗ директоры Павел Псома.
Бағдарламаның басты мақсаты – барлық өндіріс орындарындағы жұмысшылардың дұрыс құралға қол жеткізуі үшін жабдықты жөндеумен барынша қамтамасыз ету. Сонымен қатар, құрал-саймандар нарығындағы жаңалықтарды қадағалап, заманауи тәжірибеге көшу маңызды.
“Жаңа бағдарлама жөндеушілерді, электриктерді, энергетиктерді, слесарларды және басқа да көптеген жұмысшыларды қамтыды. Біз негізінен күнделікті жұмысқа қажетті ескірген және ақаулы қол құралдарының әмбебап жинақтары, пневматикалық кілттер, электр және пневматикалық тегістеуіштер сияқты құралдарды ауыстырамыз”, - деп қосты директор.
Барлығы 1100 бірлік құрал сатып алынды. Бүгінгі таңда 14 303 бірліктің 10 890-ы алынды. Қызметкерлерді заманауи және жұмысқа жарамды құралдармен жабдықтау бағдарламасы жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізуге және олардың уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылғандардан басқа, қиын агрегаттар мен күрделі жұмыс түрлерін жөндеу үшін арнайы құрал сатып алынады.
Бұл құралдың көмегімен біз РМЗ орталық бөлімінің "жабдықтар бөлмесін" толықтырамыз. РМЦ, ЦРОО АГП ДЦ и ЦРОО ПЦ цехтарды жыл соңына дейін құралдармен жабдықтайтын боламыз. Бір айта кетерлігі, қызметкерлер жабдықты оған қойылатын талаптар мен қауіпсіздік стандарттарына сай пайдаланады", - деді Павел Псома.
РМЗ және технологиялық цехтардың қызметкерлерін жарақтармен қамтамасыз етудің тағы бір бағыты өнеркәсіптік қондырғылардың жұмысындағы ақауларды ерте кезеңде анықтау үшін қажет CBM (Condition Based Maintenance) әдістемесі бойынша диагностикалық құралдарды алу.
Қазір "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-да дірілді реттеу жұмыстары бір сатыға жоғарылады. Қондырғылар мен станоктарды туралау үшін шведтік Easy-Laser компаниясынан 10 заманауи лазерлік біліктерді туралау жинағы және неміс өндірушісі Pruftechnik екі туралау құралы сатып алынды.
Жоғары технологиялық құрылғыларды жеткізу шеңберінде негізгі цехтардың қызметкерлері мен техникалық диагностика бөлімінің мамандарын дірілді диагностикалау және жабдықтардың дірілін реттеу әдістері мен тәсілдеріне оқыту жолға қойылып, табысты жүргізілуде.
Кәсіпорын цехтардың 40 өкілі құрылғылардың дұрыс жұмыс істеу ретін үйренді. Тағы 20 қызметкер ООО "Ассоциация ВАСТ", ООО "Изи-Лазер СНГ" жіне SPM компанияларының жаңа құрылғыларымен жұмыс істеу бойынша оқу курстарынан өтті.
Курс соңында әрбір маман растау сертификатына ие болды. Үшінші тоқсаннан бастап РМЗ техникалық диагностика бойынша оқытуды жалғастырып, 200-ге жуық адамды қамтуды жоспарлауда.


